ӘЛЕМ

АҚШ-та Хэллоуин кештеріндегі атыстардан 76 адам қаза тапты

АҚШ-тағы мерекелік демалыс күндері атыс оқиғалары жиілеп, 201 адам жараланды. Қаза тапқандар Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде болған атыстардан көз жұмған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Аналитиктердің мәліметінше, атыс оқиғаларының бірі Теннесси штатындағы мектепте тіркелді: жасөспірім оқу орнына тапанша алып келген. Зардап шеккендер болған жоқ, оған қаруды заңсыз сақтады деген айып тағылды.

Калифорнияның Фэрфилд қаласындағы сауда орталығында болған атыстан 16 мен 43 жас аралығындағы алты адам жараланды. Полицияның хабарлауынша, 31 жастағы жүкті әйел қаза тапты. Монтана штатындағы Эурика қаласында оқиға орнына барған шериф орынбасары атыс кезінде көз жұмып, тағы бір қызметкер жараланған.

Алабама штатындағы көпқабатты үйде болған атыстан екі адам қаза тапты. Канзаста төрт адам ауруханаға жеткізілді, олардың бірінің бетіне абайсызда атылған оқ тиген.

Жексенбіге қараған түні Делавэр университетінің ғимараттары маңындағы атыстан алты адам жараланды. Полицияның мәліметінше, Техас штатының Даллас қаласында бір-біріне қатысы жоқ үш оқиға кезінде төрт адам қаза тауып, 15 адам жарақат алды. Флорида штатының Джексонвилл қаласында кеште 20 жастағы жігіт өлтіріліп, тағы тоғыз адам, оның ішінде 15 жастағы қыз жараланды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61