ҚОҒАМ

Атырауда экстремистік топқа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен жүргізілген тергеу аясында күдіктілерді бір мезетте ұстаған. Олар экстремистік топ құрып, оған жетекшілік етті және қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттап, діни алауыздық қоздырды деген күдікке ілінді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

30 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен 10 адамды бір мезетте ұстады. Тергеу нұсқасы бойынша, топ мүшелері Қазақстанның батыс өңірінде конституциялық құрылымның негіздерін күшпен өзгертуді көздеген.

Тұрғын үйлерде жүргізілген тінту кезінде атыс қаруы, есірткі, діни атрибутика, әдебиеттер және өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер ұйымдастырған балалар мен жасөспірімдерге арналған үш астыртын оқу орталығының қызметі тоқтатылды.

Топтың бірқатар мүшесі бұған дейін терроризмге қатысты және жалпы қылмыстар үшін сотталған. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61