ҚОҒАМ

Бектенов Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейінгі тексеру қорытындысын айтты

Қорғаныс министрлігін кешенді тексеру әскери жаттығуларды ұйымдастыру мен қауіпсіздікке бақылау жасауда кемшіліктер барын көрсетті. Бұл туралы Олжас Бектенов депутаттық сауалға берген жауабында жазды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Премьер-министрдің мәліметінше, жаттығу кезіндегі ықтимал тәуекелдерді бағалау және жағдай өзгергенде жедел әрекет етуге әзірлік жеткіліксіз болған. Қауіпті кезеңдерде қауіпсіздік талаптарының орындалуы қадағаланбай, қажет кезде жаттығуды тоқтату туралы шешім уақытында қабылданбаған.

Қазақстан Қарулы күштерінде әуеден бақылау үшін ұшқышсыз жүйелер қолданылады. Күш құрылымдарының кейбір бөлімшелерінде әскери қызметшілердің орналасқан жері мен физиологиялық жай-күйін бақылайтын жеке құрылғылар бар. Мемлекеттік күш құрылымдары «Қазгидрометтен» ауа райының өзгеруі мен дауылды ескертулер туралы тұрақты ақпарат алып тұрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен уәкілетті органдар Әскери реформа жоспарының жобасын әзірлеген. Ол әскери басқару жүйесін жетілдіруді және жаттығуларды жоспарлауды біріздендіруді көздейді. Жоспарды 21 қазанда Тоқаев төрағалық еткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы мақұлдады, ал Қорғаныс министрлігі 24 қазанда оны іске асыру басталғанын хабарлады.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында әскери-теңіз жаттығулары кезінде ауа райы күрт бұзылып, жел күшейген. Каспий теңізіне 17 адам кеткен: үшеуі құтқарылып, 14-і қаза тапты. Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеруді тапсырған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61