ӘЛЕМ
Украина президенті Ресей энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасауды тоқтатса, Киев те Ресейдің мұнай өңдеу зауыттарына соққы жасамауға дайын екенін айтты. Сондай-ақ бұл үшін АҚШ-тан Patriot әуе қорғанысы жүйесін бір айға беруді ұсынды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Владимир Зеленский бұл мәселені АҚШ президенті Дональд Трамппен бірнеше рет талқылағанын айтты. Fox News журналисі Трей Ингст X әлеуметтік желісінде Украина басшысымен сұхбаттан үзінді жариялады.
Зеленскийдің сөзінше, Украина Ресейдің энергетикалық инфрақұрылымына жасалған шабуылдар мен адам өліміне жауап ретінде Ресей мұнай өңдеу зауыттарына соққы беріп отыр.
«Егер бір ай бойы олардың мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасамауымызды қаласаңыздар, бізге Patriot жүйесін бір айға беріңіздер», – деді Украина президенті.
Ол сондай-ақ АҚШ Ресейге көмектеспеуі керек екенін айтып, Дональд Трамп Владимир Путинге қолдау көрсетпеуге тиіс екенін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61