ДАМУ
Қазақстанның автожол саласында анықталған заңбұзушылықтардан келген алдын ала шығын 8 млрд теңгеден асты. Прокурорлар 36 млрд теңгенің негізсіз шығынына жол бермеген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Заңбұзушылықтар жол құрылысының жоспарлануынан бастап жолдарды пайдалануға дейінгі барлық кезеңінде анықталған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бас прокуратура әзірге істер бойынша қанша адамның өтіп жатқанын, оларға Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша айып тағылып жатқанын және алдын ала шығынның қанша бөлігі ұрлыққа қатысты екенін нақтылаған жоқ.
Прокурорлар жолдарды жөндеуге арналған кейбір жаңа мемлекеттік сатып алу тендерлерінің бұрын жөнделген учаскелерге жарияланғанын анықтаған. Оның үстіне, кейбір жол бөліктеріне мердігерлердің кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған. Тексеру нәтижесінде келісімшарттар мен сатып алу жоспарларының күші жойылып, 36 млрд теңге негізсіз шығынның алдын алған.
Үкімет жол жабынындағы жарықтар мен ойдымдардың себептерін талқылап, өңірлердің климаты мен жолдарға түсетін нақты салмақты ескеретін құрылыс нормаларын өзгертуді қарастырды. Ұсыныстар қатарында сапалы қиыршық тас пен түрлендірілген битум қолдану, асфальт төсеудің жаңа тәсілдерін енгізу және зертханалық бақылауды кеңейту бар. Каспий битум зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауыты тиісті тапсырыс болса, полимерлі-түрлендірілген битум шығаруға дайын.
Үкімет шамадан тыс жүк тиеген көліктерді бақылауды күшейтіп, салмақ өлшеу бекеттерін айналып өтуді автоматты тіркеу және тасымалдаушылардың жауапкершілігін қатаңдату мүмкіндігін қарастырып жатыр. Олжас Бектенов жұмыс тобына автожол саласын реформалау жөніндегі ұсыныстар пакетін 2026 жылғы қарашаның соңына дейін әзірлеуді тапсырды. Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев жолдардың сапасын сынап, Үкіметке жергілікті жолдарды қоса алғанда, елдегі барлық автомобиль жолдары үшін жауап беруді тапсырған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61