ДАМУ

Қазан қорытындысында теңге 3 пайызға әлсіреді

Ай соңында доллар бағамы 453,77 теңгеге жетті. Ұлттық банк қарашада валюта нарығында қандай операциялар жүргізетінін мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттықтың орташа күндік көлемі қазанда 474 миллион доллардан 397 миллион долларға дейін төмендеді. Бір айдағы сауда көлемі 8,4 миллиард доллар болды.

Алтын сатып алу операцияларын айнадай көрсету аясында Ұлттық банк қазанда шамамен 302 миллиард теңгені айналымнан алды. Қарашада осы мақсатқа шетел валютасын дәл осындай сомаға сату жоспарланған.

Үкіметтің өтінімдерін қаржыландыру үшін Ұлттық банк Ұлттық қордан 910 миллион доллар сатып алды. Бұл қаражат Ұлттық қор операцияларын айнадай көрсету аясында ішкі нарықта сатылмақ. Сату көлемі мен мерзімі нарықтағы жағдайға қарай анықталады. Қазанда валюталық интервенция жүргізілген жоқ.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін сақтау үшін қазанда биржадан 568 миллион долларға шетел валютасы сатып алынды. Бұл жалпы сауда көлемінің шамамен 7 пайызына тең. Алдағы шешімдер нарық ахуалы мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару аясында қабылданады.

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, қарашада теңге бағамына нарық қатысушыларының күтулері, тоқсандық салық төлемдері, әлемдік нарықтағы жағдай және геосаяси ахуалдың өзгеруі ықпал етеді. Реттеуші бағамды икемді қалыптастыру режимін жалғастырмақ.

Еске салайық, 23 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 0,5 пайыздық тармаққа төмендетіп, 16,25 пайыздан 15,75 пайызға түсірді. Бұл — мөлшерлеменің 2026 жылғы маусымнан бергі қатарынан төртінші төмендеуі. Маусымда ол 18 пайыз болған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61