ӘЛЕМ
Криптобиржа шабуылдан кейін жұмысын қайта жандандырған соң, тоғыз жарым сағат ішінде таза қаражаттың әкетілуі 3,64 млрд долларды құрады. Binance ұрланған активтердің шамамен 95 пайызы өтелгенін мәлімдеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Binance 2 қарашада биткоин мен Ethereum-ды қоса алғанда, жиырмадан астам негізгі криптовалютаны шығару мүмкіндігін қайта ашты. Қалған қызметтер қауіпсіздік тексерісі аяқталған сайын кезең-кезеңімен іске қосылады.
Биржа мәліметінше, жұмыс қайта жанданғаннан кейінгі тоғыз жарым сағатта клиенттер 4,649 млрд доллар шығарған, ал шоттарға 1,01 млрд доллар салынған. Осылайша, қаражаттың таза әкетілуі 3,64 млрд доллар болды. Жексенбі күнгі таза шығым биржаның басқаруындағы 171 млрд доллар активтің 2 пайызынан сәл асқан.
Binance өкілдері шабуыл кезінде ұрланған активтердің шамамен 95 пайызы өтелгенін, қалған бөлігін қайтаруға көбірек уақыт қажет болуы мүмкін екенін айтты. Компания шығынды толық өтейтінін мәлімдеді. Қаражаттың бір бөлігі сақтандыру және резерв қорлары есебінен өтелген.
Binance-ке шабуыл 29 қазаннан 30 қазанға қараған түні жасалып, алдын ала есеп бойынша шамамен 6,3 млрд долларлық криптовалюта ұрланған. АҚШ Федералдық тергеу бюросы мен бірқатар сараптамалық компаниялар шабуылға Солтүстік Кореяның TraderTraitor тобының қатысы бар деп санайды. Chainalysis компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Алек Зебрик ұрланған активтерді мыңдаған мекенжай мен транзакция арқылы жылыстату жалғасып жатқанын айтты.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61