ҚОҒАМ

Чехияға жұмысқа орналастырамын деп 100-ден астам адамды алдады деген күдікке ілінді

Елордада шетелге жұмысқа орналастыруға уәде берген күдікті ұсталды. Полиция мәліметінше, оның әрекетінен 100-ден астам адам зардап шеккен.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде Чехиядағы жоғары жалақы төленетін жұмыс туралы хабарландыру жариялаған. Ол өтініш білдіргендерге жұмыс табуға, виза рәсімдеуге, құжат әзірлеуге және жұмыс берушімен келіссөз жүргізуге көмектесетінін айтқан.

Алдын ала төлемді алғаннан кейін уәдесін орындамаған. Зардап шеккендердің бірі оған 800 мың теңге берген. Күдіктіні Есіл аудандық криминалдық полиция қызметкерлері ұстады, ол қамауға алынды.

Қазір тергеушілер осыған ұқсас жолмен алданған басқа адамдарды анықтап, келтірілген шығынның жалпы көлемін нақтылап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Полиция шетелге жұмысқа орналастыратын ұйымдардың заңды қызметін тексеріп, қызмет көрсетілмей тұрып ақша аудармауға шақырды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61