Bugin
Алматыда «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жедел медициналық жәрдем қызметінің ұжымымен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Жиынға «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат, Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев, партияның Алмалы аудандық филиалы атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Әли Нәсіпқалиев, сондай-ақ партия өкілдері мен медицина қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, медициналық инфрақұрылымды жаңғырту және сала мамандарының еңбек жағдайларын жақсарту бағыттары сөз болды.
Айта кетейік, Алматы қаласының Жедел медициналық жәрдем қызметінде бүгінде 4 500-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Мекеме қала тұрғындарына тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, шақыртуларға жедел әрекет етеді.
«Денсаулық сақтау жүйесін дамыту – біздің сайлауалды бағдарламамыздың маңызды бағыттарының бірі. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, инфрақұрылымды жаңғыртуға және медицина қызметкерлеріне лайықты еңбек жағдайларын жасауға ерекше көңіл бөлу қажет. Мұндай кездесулер сала мамандарының ұсыныстарын тікелей тыңдап, денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің нақты жолдарын талқылауға мүмкіндік береді», – деді «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Канкуров.
Ашық пікір алмасу кезінде жедел медициналық жәрдем қызметінің жұмысын жетілдіру, заманауи медициналық технологияларды енгізу және тұрғындарға шұғыл көмек көрсету тиімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.
«Бүгінде денсаулық сақтау саласының алдында медициналық қызметтердің сапасын арттыру, инфрақұрылымды дамыту және заманауи технологияларды енгізу бойынша маңызды міндеттер тұр. Бұл ретте медицина қызметкерлерін қолдау және олардың кәсіби қызметіне қажетті жағдай жасау айрықша мәнге ие. Ашық диалог өзекті мәселелерді талқылап, саланы одан әрі дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат, Қалалық кардиологиялық орталықтың директоры Ермағамбет Қуатбаев.
Кездесу соңында Жедел медициналық жәрдем қызметінің бас дәрігері Арман Тойбеков үгіт-насихат кездесуін ұйымдастырып, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелерін ашық талқылауға мүмкіндік бергені үшін «Әділет» партиясының кандидаттарына алғыс айтты. Сонымен қатар партияға қолдау білдіріп, медицина саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударудың маңызын атап өтті.
Тапсырыс беруші: Канкуров С.В.Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61