ДАМУ

Қазақстанға жеке пайдалану үшін әкелінетін көліктерге талап күшейеді

Желтоқсаннан бастап жеке тұлғалар елге бес жылдан ескі және «Еуро-5» талабына сай келмейтін көліктерді әкеле алмайды. Жаңа талап мотоциклдерге, мопедтерге, жүк көліктері мен тіркемелерге де қатысты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Көлік министрлігі бекіткен жаңа талаптар желтоқсанда күшіне енеді. Олар жеке пайдалануға арналған көліктердің жасына және экологиялық класына қатысты.

Ережеге сәйкес, елге әкелінетін көліктер бес жылдан аспауы әрі «Еуро-5»-тен төмен емес экологиялық стандартқа сай болуы керек. Бұл талап жеңіл көліктерден бөлек, мотоциклдерге, мопедтерге, жүк көліктері мен тіркемелерге де қолданылады. Компаниялар мен жеке кәсіпкерлер үшін бөлек қағидалар бар.

Автосарапшылар өзгеріс бағаның күрт өсуіне әкелмейді деп есептейді, өйткені көліктердің көбі қазірдің өзінде салыстырмалы түрде жаңа күйінде әкелінеді. Дегенмен Қазақстан нарығында бар көліктерге сұраныс артуы мүмкін.

Сарапшы Алексей Алексеевтің пікірінше, өзгеріс Қазақстанда өндірілген жаңа көліктердің сатылымын ынталандыруға бағытталған. Оның айтуынша, елде сатылатын жаңа көліктердің шамамен 70 пайызы Қазақстанда шығарылады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61