ӘЛЕМ

Камышевахада гуманитарлық көмек таратылған мектепке соққы жасалды

Украина ТЖҚ дерегінше, Запорожье облысындағы Камышеваха кентінде кемінде 26 адам қаза тауып, тағы бесеуі жараланған. Украина президенті мектепте гуманитарлық көмек таратылғанын мәлімдеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Украина Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметінің мәліметінше, Камышеваха кентіндегі мектеп ғимаратына жасалған әуе соққысынан кемінде 26 адам қаза тапқан. Қаза болғандардың арасында екі құтқарушы мен төрт полиция қызметкері бар.

Тағы бес адам жараланды, олардың екеуі — құтқарушы. Украина президенті Владимир Зеленский мектептің гуманитарлық мақсатта пайдаланылғанын және онда көмек таратылғанын жазды. Оның айтуынша, кентке таңертең бірнеше рет әуе бомбалары тасталып, алғашқы соққыдан кейін адамдар болған паналау орнына тағы тоғыз бомба түскен.

Запорожье облыстық мемлекеттік әкімшілігі басшысының міндетін атқарушы Михаил Семикин соққы елді мекен орталығына ФАБ-3000 басқарылатын авиабомбаларымен жасалғанын хабарлады. Құтқару жұмыстары ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылына байланысты уақытша тоқтатылып отырғанын айтты.

ТЖҚ мәліметінше, мектептің спорт залы мен шаруашылық нысаны қирап, оқу ғимараты зақымданған, өрт сөндіру-құтқару көлігі жойылған. Ресей әскери күштері Камышевахаға жасалған соққыға әзірге түсініктеме берген жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61