ДАМУ
«Атырау — Самара» бағытымен мұнай айдау 2 қарашада таңертең тоқтатылды. Профильді қызметтер инфрақұрылымның техникалық жай-күйін бағалап жатыр.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Энергетика министрлігінің өкілі Әсел Серікпаеваның айтуынша, 2 қарашаға қараған түні Ресейдегі Самара өндірістік-диспетчерлік торабы нысандарына ұшқышсыз аппараттар шабуыл жасаған.
Мұнай айдау Астана уақытымен 06:09-да (Мәскеу уақытымен 04:09) тоқтатылды. Мамандар инфрақұрылымның техникалық жай-күйін бағалап жатыр. Министрлік бұл бағытпен мұнай қабылдау жақын уақытта қайта басталады деп күтеді, бірақ нақты мерзімін атаған жоқ.
«Атырау — Самара» учаскесі «Өзен — Атырау — Самара» магистральдық мұнай құбырының құрамына кіреді. Қазақстан мұнайы осы бағыт арқылы Ресейдің «Транснефть» жүйесіне жеткізіледі. «ҚазТрансОйл» мәліметінше, 2026 жылдың тоғыз айында осы учаскемен 7,573 млн тонна мұнай тасымалданған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61