ӘЛЕМ

Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ келіссөз өткізеді

Үшжақты кездесу 10-11 қарашада өтеді деп жоспарланған. Тараптар атысты тоқтату шарттарын, қауіпсіздік кепілдіктері мен гуманитарлық мәселелерді талқыламақ.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың мәлімдеуінше, келіссөзге АҚШ атынан өзі және Джаред Кушнер қатысады деп күтіледі. Ресей мен Украина делегацияларының құрамы әзірге жарияланған жоқ.

Кездесуде соғыстан кейінгі қауіпсіздік, шиеленісті бәсеңдету және гуманитарлық бастамалар қаралады. Сондай-ақ бейбіт келісімге жету жолындағы келесі қадамдар талқыланбақ. Ақ үй өкілі X әлеуметтік желісінде кездесуді Дональд Трамптың соғысты тоқтату бастамасын жүзеге асырудағы кезекті қадам деп жазды.

Үш ел өкілдері 2026 жылы үш рет кездескен: алғашқы екі келіссөз 23-24 қаңтар мен 4-5 ақпанда Абу-Дабиде, үшіншісі 17-18 ақпанда Женевада өтті. Екінші кезеңнен кейін тараптар тұтқын алмасып, әр жақтан 157 адамнан, барлығы 314 адам босатылды. Наурызға жоспарланған келесі кездесу кейінге шегерілгеннен бері үшжақты форматта келіссөз болған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61