ҚОҒАМ
Балалар футбол турниріне барған қазақстандықтардың 11-і — бала. Олар таңғы астан кейін сырқаттанып, жарыс уақытша тоқтатылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ауруханаға үш командадан 11 бала және алты ересек жатқызылған. Олардың дене қызуы көтеріліп, жүрегі айнып, құсып, іші қатты өткен. Балалардың жасы сегіз-тоғызда.
Ата-аналардың сөзінше, балалар сенбі күні қонақүйдегі таңғы астан кейін өзін жайсыз сезінген. Олар таңғы асқа жұмыртқа қуырдағын жеген. Жарыс тоқтатылды.
Футболшылардың бірінің анасы Ольга Лазина ата-аналар талдау нәтижесін күтіп отырғанын айтты. Ата-аналарға балаларды Астанаға ұшақпен жеткізуге уәде берілгенімен, билет табылмаған. Балаларды пойызбен жіберіп жатыр, жол бір тәулікке созылады. Лазинаның айтуынша, балаларда жаңа белгілер пайда болып жатыр.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі көмекке мұқтаж азаматтардың барлығы Өзбекстанның мамандандырылған медициналық мекемелеріне жатқызылғанын және оларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Қазақстандық дипломаттар зардап шеккендердің туыстарымен және медициналық мекемелермен байланыста.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61