Bugin
8 қарашада Алматыдағы Өнер музейінде режиссер Тілек Ырысбектің «Тұрсынхан апайдың шеберханасы» және «Қандас аспаздың арманы» деректі фильмдері көрерменге ұсынылады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Фильмдер Қытайдан тарихи Отанына көшіп келген қандастардың күнделікті тұрмысын, кәсіп ашу жолындағы ізденісін және жаңа ортаға бейімделуін баяндайды. Көрсетілімнен кейін тақырыпқа қатысты ашық талқылау өтеді.
Жиында қандастардың медиада бейнеленуі, көші-қон, әлеуметтену, тіл және жеке кәсіпті дамыту мәселелері сөз болады. Талқылауға журналист Белла Қасымқызы, тарихшы Елдес Орда және режиссер Тілек Ырысбек қатысады. Модератор – жазушы, аудармашы Сафина Ақтай.
Кездесу 8 қараша күні сағат 15:00–16:30 аралығында өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61