ДАМУ

Ұлттық қордан бөлінетін 6,5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер етеді

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, инфляцияға ықпалы 12 айда 0,8 пайыздық тармақтан аспайды. Ол бұл қаражаттың елдегі ақша массасымен салыстырғанда көлемі аз екенін атап өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Үкіметтің есептеуінше, Ұлттық қордан құрылысқа бөлінетін қаражаттың фискалдық ықпалы аз болады. Азамат Әмриннің мәліметінше, әсері 12 ай ішінде 0,8 пайыздық тармақ шегінде бағаланған.

Вице-министр қаражатты бөлу жоспарын да атады: биыл 2 трлн теңге нысаналы трансферт ретінде беріледі, келесі жылы да қаражат қарастырылған. 2028 және 2029 жылдарға 1,5 трлн теңгеден жоспарланған.

Әмрин келтірген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ақша массасы 10 пайызға ұлғайса, екі жылда инфляция бір пайыздық тармаққа өседі. Қазақстандағы ақша массасы 56,2 трлн теңге, сондықтан вице-министр 1,5 трлн теңгенің ықпалын елеусіз деп бағалады.

Ұлттық қордан жалпы 6,5 трлн теңге инфрақұрылымды жаңғырту мен ауқымды құрылысқа бөлінеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген.

Азамат Әмриннің дерегінше, Қазақстандағы инфляция былтырғы 12,6 пайыздан 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша 9,2 пайызға дейін баяулаған. Бұған азық-түлік бағасының төмендеуі де әсер еткен: тамыз, қыркүйек және қазан айларында олар ай сайын 0,1 пайызға арзандаған. Коммуналдық қызметтердің жекелеген тарифтерінің көктем мен жазда өсуі инфляцияға 0,47 пайыздық тармақ қосқан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61