ДАМУ

«7-20-25» бағдарламасына 2027 жылға 100 млрд теңге бекітілді

Қазақстан Ұлттық банкі ипотекалық бағдарламаға келесі жылы бөлінетін қаржы көлемін бекітті. Тоқсан сайынғы лимит 25 млрд теңгеден аспайды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

«7-20-25» бағдарламасының операторы — Қазақстанның орнықтылық қоры. Банктер жеңілдетілген ипотекалық несие береді, ал қор белгіленген шек аясында сол қарыздар бойынша талап ету құқықтарын сатып алады.

Бағдарлама 2018 жылы іске қосылған. Ондағы несие мөлшерлемесі — 7 пайыз, бастапқы жарна — 20 пайыздан, ал қарыз мерзімі — 25 жыл.

Баспана құнының ең жоғары шегі Астана, Алматы мен оның маңындағы аймақтар, Ақтау, Атырау және Шымкентте — 30 млн теңге, Қарағандыда — 25 млн теңге, өзге өңірлерде 20 млн теңге болып белгіленген.

Бағдарлама 2029 жылға дейін жұмыс істейді. Ол тек бастапқы нарықтан үй сатып алуға арналған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61