Bugin

Қызылордада 400 адам қабылдайтын жаңа емхана салынып жатыр

Қызылорда қаласының Титов шағын ауданында №5 қалалық емхананың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 9,8 млрд теңгені құрайды. Жаңа медициналық мекеме пайдалануға берілгеннен кейін бір ауысымда 400 келушіні қабылдай алады.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жалпы ауданы 8 937 шаршы метр болатын ғимарат құрылысының бүгінде 65 пайызы аяқталған. Қазіргі уақытта нысанда ішкі әрлеу, терезелерді орнату және инженерлік желілерді тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар медициналық мекемені қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ.

Жаңа емхана Титов шағын ауданы тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Медициналық нысанның іске қосылуы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету мүмкіндігін кеңейтіп, тұрғындардың тұрғылықты жеріне жақын маңнан дәрігерге қаралуына жағдай жасайды.

Құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімде аяқталуы басты назарда. Жоспарға сәйкес, биыл жыл соңына дейін медициналық жабдықтарды орнатып, емхананы пайдалануға беру көзделген.

Жобаның жүзеге асуы Қызылорда қаласындағы денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға, медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға және халықтың сұранысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61