ДАМУ

Зейнетақы аннуитетін ауыстырғанда инвестициялық табыс бөлек төленбейді

Қазақстанда бір өмірді сақтандыру компаниясынан екіншісіне ауысу тәртібі өзгерді. Енді инвестициялық табыс жаңа сақтандырушыға аударылатын қаражаттың құрамында есептеледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Зейнетақы аннуитеті бар азамат сақтандыру компаниясын ауыстырған кезде бұрын компанияның инвестициялық табысы сатып алу сомасын есептеуге кірмейтін. Кейбір өмірді сақтандыру компаниялары осы табысты клиентке біржолғы төлем ретінде ұсынған.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов жаңа тәртіп бойынша инвестициялық табыс сатып алу сомасына қосылатынын түсіндірді. Ол жаңа сақтандырушыға аударылып, аннуитет бойынша міндеттемелерді орындауға арналған қаражат құрамында қалады.

Осылайша, компания ауыстырған кезде клиент инвестициялық табысты қолма-қол бөлек ала алмайды. Агенттік бұл өзгеріс шарт құнын толығырақ есепке алып, болашақ зейнетақы төлемдерінің мөлшерін сақтауға мүмкіндік беретінін айтады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61