САЯСАТ

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әсел Жанасованы Үкімет құрамындағы жаңа қызметке тағайындады. Бұған дейін ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Жанасова осы тағайындауға байланысты бұрынғы қызметінен босатылды. Ол Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне 2025 жылғы желтоқсанда келген, оған дейін мемлекет басшысының кеңесшісі болған.

2022–2025 жылдары Әсел Жанасова «Қазпоштаны» басқарды, ал 2020–2022 жылдары сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарды. Сондай-ақ Ұлттық банкте, «Зерде» холдингінде және «Астана» халықаралық қаржы орталығында жұмыс істеген. Кембридж университетінде компьютерлік ғылымдар бағыты бойынша білім алған.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі қызметінен босатқан. Сауранбаев бұл ведомствоны 2025 жылғы 30 маусымнан бері басқарды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61