Bugin

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Қазақ спорт және туризм академиясының ұжымымен жүздесті

Алматыда «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қазақ спорт және туризм академиясының оқытушылары және қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, қаланы дамытудың басым бағыттары мен білім беру және спорт саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Іс-шараға «Әділет» партиясының өкілдері, Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттар, сондай-ақ академия ұжымы қатысты.

Қазақ спорт және туризм академиясы – елімізде дене шынықтыру, спорт және туризм салаларына мамандар даярлайтын жетекші жоғары оқу орындарының бірі. 2025–2026 оқу жылының басында білім ордасында 4 мыңнан астам студент білім алған. Ал академия өз тарихында аталған бағыттар бойынша 30 мыңнан астам маман даярлаған.

Кездесу кезінде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, Алматы қаласын дамытуға арналған бастамаларымен бөлісті. Атап айтқанда, қалалық инфрақұрылымды жетілдіру, білім беру мен спорт салаларын дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері қозғалды.

Ашық пікір алмасу барысында академия қызметкерлері қаладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын ортаға салып, қосымша назар аударуды қажет ететін бағыттарды атап өтті. Партия өкілдері көтерілген мәселелерге қатысты түсініктеме беріп, ұсыныстарды алдағы уақытта пысықтау үшін назарға алды.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидат Шыңғысхан Маманов тұрғындармен ашық диалог орнатудың маңызын атап өтті.

«Біз үшін сайлауалды бағдарламаны таныстырумен ғана шектелмей, тұрғындардың пікірін тыңдау, олардың нақты қажеттіліктерін түсіну және қаламыздың дамуына ықпал ететін бастамаларды ескеру маңызды. Ашық диалог пен нақты ұсыныстар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу қала тұрғындарының мүдделерін білдірудің негізі болуы тиіс», – деді ол.

Кездесу соңында кандидаттар академия қызметкерлерін 29 қарашада өтетін сайлауға белсенді қатысуға және «Әділет» партиясын қолдауға шақырды.

Айта кетейік, «Әділет» партиясы Алматы қаласының еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастырып жатыр. Мұндай кездесулер қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді талқылауға, сайлауалды бағдарламаны таныстыруға және жұртшылықтың ұсыныстарын тыңдауға бағытталған.

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61