ҚОҒАМ
Ақмола және Қарағанды облыстарында полиция дәрі-дәрмектің заңсыз саудасына қатысы бар деген күдікпен 21 адамды ұстады. Тінту кезінде 50 мыңнан астам «Тропикамед» құтысы мен басқа да заттар тәркіленген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қазан айында Көкшетау, Щучинск және Бурабай курорттық аймағында 11 адам ұсталды. Тергеу нұсқасы бойынша, олар күшті әсер ететін дәрілерді жеткізу мен сатуды жолға қойған.
Тінту барысында 50 мыңнан астам «Тропикамед» құтысы және соған ұқсас 4 мыңға жуық препарат табылды. Полиция атыс қаруын, оқ-дәрілерді, бірнеше көлік пен шетел валютасын қоса алғанда ірі көлемдегі ақшаны да тәркілеген.
Қарағанды мен Теміртауда тағы 10 адам ұсталды. Олардың арасында жергілікті қылмыстық орта өкілдері бар. Полиция оларды күшті әсер ететін дәрілерді сатты деп күдіктенеді. Тінту кезінде психобелсенді заттар, травматикалық және суық қару табылған.
Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс мұндай қылмыстар қоғамға елеулі қауіп төндіріп, адамдардың өмірі мен денсаулығына ауыр зардап әкелуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, қабылданған шаралар күшті әсер ететін дәрілерді заңсыз таратудың бірнеше арнасын тоқтатуға мүмкіндік берген.
Қазір тергеушілер дәрі саудасының артында кім тұрғанын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ішкі істер министрлігі тәркіленген заттардың құнын және ұсталғандарға Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша күдік келтіріліп отырғанын әзірге нақтылаған жоқ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61