ӘЛЕМ
Иран парламентіндегі комиссия төрағасының орынбасары Үндістан, Қытай, Ирак және Қатар туымен жүзетін кемелерге қойылған шектеулер алынғанын айтты. Үндістан мен Қытай кемелері үшін төлем алынатынын, ал Қатар кемелеріне ақы салынбайтынын жеткізді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Амир Хаят Могаддам Үндістан, Қытай, Ирак және Қатар кемелері Ормуз бұғазы арқылы еркін өте алатынын мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл елдердің кемелеріне қойылған шектеулер алынып, АҚШ та олардың өтуіне кедергі келтірмейді.
Могаддамның айтуынша, бұғаз арқылы өткені үшін Үндістан мен Қытай кемелерінен ақы алынады, ал Қатар кемелеріне төлем қарастырылмаған. Үндістан кемелеріне жеңілдік дәрі-дәрмек импортын қамтамасыз етуге, ал Қытай кемелеріне жасалған жағдай Бейжіңнің саяси қолдауына ие болуға бағытталған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61