ҚОҒАМ

Алматыда азаматтық некедегі әйелін өлтірген экс-полицей 15 жылға сотталды

Алматы соты әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деп танылған бұрынғы полиция қызметкеріне 15 жыл түрме жазасын тағайындады. Ол марқұмның отбасына 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Телеарна ақпаратына сәйкес, ер адам әйеліне балалардың көзінше пышақпен 39 рет жарақат салған. Ерлі-зайыпты үш бала тәрбиелеген.

Бұрынғы полицей қылмысты аффект күйінде жасағанын және есін ауруханада жиғанын айтқан. Алайда сот полиция қызметкерлерінің көрсеткен мәліметтеріне сүйеніп, оның бұл уәжіне сенбеді.

Марқұмның туыстары үкімге көңілдері толатынын айтты. Олардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрағанын, дегенмен шығарылған шешім үшін алғыс білдіретінін жеткізді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61