ӘЛЕМ
АҚШ президенті Вашингтонның Иранға қысым көрсету деңгейіне көңілі толатынын жеткізді. Оның сөзінше, америкалық әскер соққы жасауға дайын, бірақ мұндай қадам қажет болмауы мүмкін.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Дональд Трамп Financial Times басылымына берген сұхбатында АҚШ жақын уақытта Иранға соққы жасауды жоспарлап отырмағанын айтты. Ол Вашингтонның Тегеранға қатысты ұстанымын «тамаша» деп бағалап, әкімшілік Ислам Республикасына көрсетіліп отырған қысым деңгейіне қанағаттанатынын аңғартты.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху осы аптаның соңында Иранға соққы жасалуы мүмкін екенін айтқаны туралы сұраққа жауап берген Трамп америкалық әскер мұндай әрекетке дайын екенін мәлімдеді. «Мен дайынмын, біз дайынбыз. Қажет болса, соққы жасауға толық дайынбыз, бірақ мұның қажеті болмауы да мүмкін», – деді ол.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61