ДАМУ

Қазақстан «Дружба» құбыры арқылы Германияға мұнай транзитін сұрады

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Ресей тарапына Германияның Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына қазақстандық мұнай транзитін қайта бастау жөнінде ресми өтініш жолдағанын айтты.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Kursiv

Министрдің сөзінше, Ресейден жауап күтіліп отыр. Транзитті қайта бастауға техникалық мүмкіндік бар, алайда ресейлік тараптың қашан жауап беретіні әзірге белгісіз.

Қазақстан 2026 жылы 96 миллион тонна мұнай өндіру болжамын сақтап отыр. 2027 жылы өндіріс көлемі шамамен 99 миллион тонна болады деп күтіледі. 2025 жылы елде 99,4 миллион тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген.

2026 жылы «Дружба» құбыры арқылы Германияға шамамен 3 миллион тонна мұнай жеткізу жоспарланған. Бірінші тоқсанда жеткізілім көлемі 730 мың тоннаға жетті. Қазақстан мұнайын осы бағытпен тасымалдау 2023 жылы басталған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61