ӘЛЕМ

НАТО Ресей аумағының тереңіндегі нысандарға соққы беру мүмкіндігін қарастыруда

Альянс әскери тежеу тәсілін қайта қарап, Ресей аумағындағы әскери базалар, қоймалар мен өнеркәсіп нысандарына алыс қашықтықтан соққы беруді талқылаған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

Маусымда НАТО тарихында алғаш рет тереңдегі нысандарға соққы беру мәселесіне арналған симпозиум өтті. АҚШ ӘӘК генералы Алексус Гринкевичтің жетекшілігімен өткен талқылаулар мен командалық-штабтық жаттығуларда әскери күштермен қатар, тылдағы базалар, қоймалар және өнеркәсіп нысандарын нысанаға алу мүмкіндігі қаралды.

Ұсынылып отырған тәсілдің негізгі бөлігі — алыс қашықтыққа дәл соққы жасайтын қару. Оның ішінде қымбат жүйелермен бірге қолжетімдірек құралдар да бар. Қазанда НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің бас қолбасшысы Гринкевич альянстың «жеңіс теориясын» таныстырды. Ол ықтимал шабуыл жағдайында алғашқы соққыны тежеу, шабуылдың жалғасуына тосқауыл қою және қарсыластың жауынгерлік қабілетін төмендету кезеңдерін қамтиды.

Гринкевич Еуропадағы соғысты жақын немесе сөзсіз деп санамайтынын, алайда альянс «ықтималдығы жоғары жағдайға емес, жүзеге асуы мүмкін жағдайға» дайындалуы керегін айтты. Ресей президенті Владимир Путин Мәскеудің Еуропамен соғысқысы келмейтінін және НАТО елдеріне шабуыл жасау ниеті жоқ екенін мәлімдеген. Сонымен бірге ол Батыстың алыс қашықтыққа арналған қаруын Ресейге қарсы қолдану НАТО елдерінің Ресеймен соғысуына тең болатынын ескерткен.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61