САЯСАТ
Абдалла II бен әл-Хусейн мен Эмомали Рахмонның сапары 5 қарашада басталады. Астанада 6 қарашада Акаба процесінің саммиті өтеді.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың мәліметінше, Иордания королі Абдалла II бен әл-Хусейн Қазақстанда 5-6 қараша күндері болады. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның сапары 5-7 қарашаға жоспарланған.
Екі мемлекет басшысы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келеді. Жоғары деңгейдегі келіссөздерде Қазақстан мен Иордания арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады.
Смадияровтың айтуынша, Тәжікстанмен келіссөздерде стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері қаралады. 6 қарашада Астанада бірқатар мемлекет басшыларының қатысуымен Акаба процесінің саммиті өтеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61