Bugin

Астанада Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен кездесті

Астанада Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев шығармашыл жастармен және креативті индустрия өкілдерімен кездесіп, Мемлекет басшысының Жолдауы мен жастар саясатының басым бағыттарын талқылады.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Жиынға жас кәсіпкерлер, дизайнерлер, музыканттар, режиссерлер, продюсерлер, блогерлер, журналистер, ғалымдар, спортшылар, жастар ұйымдарының өкілдері мен студенттер қатысты.

Кездесуде жастарды мемлекеттік қолдау, білім беру, кәсіби дағдыларды дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект және креативті индустрияны өркендету мәселелері көтерілді.

Министрдің айтуынша, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты аясында жыл сайын 30 жасқа 3 миллион теңгеден қаржылай қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар еліміздің 20 өңірінде жас таланттардың жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін креативті хабтар жұмыс істейді.

Арман Қырықбаев кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырудың маңызын да атап өтті.

Кездесу ашық диалог форматында жалғасып, жастар министрге сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61