САЯСАТ
Нұрлыбек Әбиболлаұлы Асылбеков Денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол «СК-Фармация» басқарма төрағасы болған.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Үкімет қаулысымен Нұрлыбек Әбиболлаұлы Асылбеков Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды.
Ол 1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Алматы мемлекеттік медицина институтының филиалын, М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Асылбеков еңбек жолын 1990 жылы «Фармация» республикалық өндірістік бірлестігінде провизор-технолог болып бастаған. 2022-2025 жылдары Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасын басқарса, 2025 жылдан жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61