Bugin

Алматыда «Әділет» партиясының өкілдері креативті жастармен қала дамуын талқылады

Алматыда «Әділет» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Alatau Creative Hub алаңында креативті жастармен кездесу өтті. Жиында жастар бастамаларын қолдау, креативті индустрияны дамыту, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту мәселелері талқыланды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Ерқанат Көпжасарұлы, «Қазақша Speaking Club»қоғамдық жобасының авторы, тележүргізушіОльга Спирина, паралимпиадашы Серік Есматов, «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Айдар Күнтубай және қаланың креативті жастары қатысты.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасындағы жастардың өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау, кәсіпкерлікті қолдау және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі басымдықтар таныстырылды. Тұрғын үй мәселесін шешу, цифрландыру және жас мамандарды заманауи еңбек нарығының талаптарына бейімдеу бағыттарына ерекше назар аударылды.

«Жастар - еліміздің болашағы ғана емес, бүгінгі қоғамның да қозғаушы күші. Жаңа идеяларды қалыптастырып, технологияларды дамытып, қоғамдық өзгерістерге серпін беретін де - жас буын. Біздің міндетіміз - әрбір жастың өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік жасау. Сайлауалды бағдарламада тұрғын үй қолжетімділігін арттыруға, цифрлық құзыреттерді дамытуға және кәсіби өсу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінген», - деді Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Ерқанат Көпжасарұлы.

Сонымен қатар кездесуде креативті экономиканы дамыту, талантты жастарды қолдау және инновациялық әрі шығармашылық жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасау мәселелері қозғалды. Жас кәсіпкерлер, шығармашылық сала өкілдері мен қоғамдық бастамалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мүмкіндіктері де талқыланды.

Кездесу соңында ашық диалог ұйымдастырылып, жастар жұмыспен қамту, тұрғын үй саясаты, цифрлық білім беру және креативті жобаларды қолдау мәселелері бойынша сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                   

                            

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61