ҚОҒАМ

Қостанайда «Тобыл» футболшысы мен көршісі арасында жанжал шықты

Папе Альюна Ндиайе мен оның көршісі арасындағы кикілжің бейбіт жолмен шешілген. Оқиғаға қатысты материалдар сотқа жолданды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі футболшы Папе Альюна Ндиайе мен көршісі арасында жанжал болғанын растады. Клубтың мәліметінше, оқиға тұрмыстық сипатта болған, футболшы мен оның отбасы мүшелері зардап шекпеген.

Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, көрші пәтерлердің тұрғындары арасындағы жанжал тіркелген. Жанжалдың бастамашысына қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жіберілді. Клубтың хабарлауынша, тараптар татуласып, бір-біріне наразылығы жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61