ӘЛЕМ
Демократияшыл қозғалыстың бұрынғы жетекшісі шетелдік күштермен сөз байласты деген айыппен сотталды. Ол түрмеде соңғы алты жылын өткізген.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
30 жастағы Вонгты 2020 жылы қабылданған Гонконгтың ұлттық қауіпсіздік туралы заңы бойынша айыпты деп таныды. Бұл заң шетелдік күштермен сөз байласуды қоса алғанда, бірқатар қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Айыптау нұсқасы бойынша, 2020 жылғы шілде мен қараша аралығында Вонг өзге белсенділермен, соның ішінде шетелде жүрген Натан Лоумен бірге, Қытайға қарсы санкциялар мен басқа да шектеу шараларын енгізуге шет мемлекеттерді көндіруге тырысқан.
Вонг 2014 жылғы «Қолшатырлар революциясының» және 2019 жылғы демократияшыл жаппай наразылықтардың жетекшілерінің бірі болған. 2019 жылғы шерулерге әуелде Гонконгтан Қытайдың құрлықтағы бөлігіне экстрадициялауға мүмкіндік беретін заң жобасы түрткі болды. Кейін наразылар кең ауқымды демократиялық реформаларды талап етті.
Белсендіні қаңтарда босатуы тиіс болған, алайда жаңа үкімнен кейін ол 2036 жылдың соңынан ерте бостандыққа шықпайды деп күтілуде. Вонг — ұлттық қауіпсіздік туралы заң негізінде ұсталған жүздеген белсенді мен Гонконг тұрғынының бірі.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61