ҚОҒАМ

Грузия Қазақстанға 4,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді деген күдіктіні берді

Медициналық жабдықты отандық өнім ретінде көрсетіп, мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды. Оған тағылған айып бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Tengrinews

Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті медициналық техниканы Қазақстанда өндірілгендей көрсету үшін уәкілетті органдарға жалған мәлімет берген. Жабдық елде іс жүзінде өндірілмеген, бірақ мемлекеттік мекемелер өткізген сатып алуларға қатысу кезінде отандық тауар өндіруші мәртебесінің артықшылықтары пайдаланылған.

Шетелдік бөлшектерден құрастырылған медициналық техника медициналық ұйымдарға Қазақстанда жасалған өнім ретінде жеткізілген. Тергеу мемлекетке келтірілген шығынды 4,5 миллиард теңгеден астам деп бағалап отыр.

Қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған ер адам халықаралық іздеуге жарияланған. Ол 2026 жылғы наурызда Грузияда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторында отыр.

Істің мән-жайы медициналық жабдықты отандық өнім ретінде жеткізуге қатысты OrdaMed компаниясының ісімен сәйкес келеді. Тергеу дерегінше, компания мемлекеттік медициналық ұйымдарға жабдықтың 28 түрін жеткізу кезінде өз өндірісі барын растайтын құжаттарды пайдаланған. Компания негізін қалаушы әрі жетекшісі Еркин Длимбетов іздеуге жарияланған.

Медициналық бұйымдарды жалған өндіруге қатысты қылмыстық іс Алматы сотына түскен. Материалдар 29 қазанда тіркелген. Сот процесіне 10 жауапкер, 12 адвокат және бір жәбірленуші қатысып жатыр. Күдіктіге тағылған айып бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61