ӘЛЕМ
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының мәліметінше, кемелер бұғаздағы рұқсат етілмеген оңтүстік бағытпен өтпек болған. Бір танкердің минаға жарылғаны айтылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Иран әскери күштерінің мәлімдеуінше, танкерлердің бірі рұқсат етілмеген оңтүстік бағытпен жүрген кезде минаға жарылып, өртенген. Екінші супертанкерде де өрт шығып, кеме тоқтауға мәжбүр болған.
Өртті сөндіруге көмектесу үшін супертанкерге жақындаған буксир де жалынға оранған.
Бұған қоса, Ислам революциясы сақшылар корпусының әскери-теңіз күштері радиоэлектрондық күрес құралдары арқылы АҚШ-тың LUCAS үлгісіндегі екі ұшқышсыз аппаратын басқаруды қолға түсіріп, қондырғанын және бақылауына алғанын хабарлады.
Иран тарапы Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы ережелерін бұзу әрекеттерінің салдары болатынын ескертіп, мұндай қадамдар АҚШ-қа қаржылық шығын мен саяси сәтсіздік әкелетінін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61