ҚОҒАМ

Каспийдегі әскери оқиға: тергеу аяқталуға жақын

Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына қатысты тергеу аяқталуға таяды. Іс бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынып, сегіз лауазымды тұлға қамауға алынған.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

Тергеу аясында 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Қамауға алынғандардың қатарында Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары және жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің командирлері, теңіз жаяу әскері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны бар.

Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтап, қылмыстық процеске қатысушыларды іс материалдарымен таныстыру жоспарланған. Тергеу барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде болған: ауа райы күрт бұзылып, желдің күшеюінен 17 әскери қызметші теңізге кеткен. Олардың үшеуі құтқарылды. Қаза болған әскери қызметшілерге байланысты 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61