Bugin

«Алматы Су» кәсіпорнының ұжымына партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды

Басқосуда қаланың инженерлікинфрақұрылымын жаңғырту, сумен жабдықтаужүйесінің сенімділігін арттыру жәнекоммуналдық сала қызметкерлерінің еңбекжағдайларын жақсарту мәселелеріталқыланды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Бүгін Бостандық ауданында өткен кездесуге«Әділет» партиясынан Алматы қаласымәслихатының депутаттығына кандидаттарМедет Беркімбаев пен Ерқанат Көпжасарұлы, партияның Бостандық аудандық филиалыныңтөрағасы Сәбен Тынышқали, сондай-ақсайлауалды штаб мүшелері Ермек Ербошаев, Бауыржан Баякешов және ГүлнараБердібекова қатысты.

Жиын барысында партияның Алматы қаласы бойынша 2026–2031 жылдарғаарналған сайлауалды бағдарламасыныңбасым бағыттары таныстырылды. Негізгі назаркоммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, инженерлік желілердің тозуын азайтуға, су ресурстарын тиімді басқаруға жәнетұрғындарды сапалы ауызсумен үздіксізқамтамасыз етуге аударылды. Сонымен қатаркоммуналдық қызметтердің сапасын арттырумен сала мамандарына қолайлы еңбекжағдайларын қалыптастыру мәселелеріқозғалды.

«Қаланың тұрақты дамуы инженерлікинфрақұрылымның сенімділігімен тікелейбайланысты. Алматыда халық саны мен коммуналдық қызметтерге деген сұранысартып келеді. Сондықтан сумен жабдықтаужүйесін жаңғырту, су шығынын азайту жәнезаманауи технологияларды енгізу - уақытталабынан туындаған міндеттер. Бұлжұмыстың нәтижелі болуы сала мамандарының кәсібилігіне де байланысты. Сол себепті инфрақұрылымды дамытуменқатар, еңбек адамдарының жағдайынжақсартуға да басымдық беру қажет», - деді«Алматы Су» МКК директоры, Алматы қаласымәслихатының депутаттығына кандидат МедетБеркімбаев.

Кездесуде Мемлекет басшысыныңҚазақстан халқына Жолдауында белгіленгенміндеттер де талқыланды. Атап айтқанда, коммуналдық шаруашылықты цифрландыру, су ресурстарын ұтымды пайдалану, инженерлік жүйелердің жұмысыноңтайландыру және инфрақұрылымның ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етубағыттарына назар аударылды.

Ашық диалог барысында кәсіпорынқызметкерлері өндірістік үдерістерді жетілдіру, инженерлік желілердің техникалық жай-күйіжәне еңбек жағдайларына қатыстымәселелерді көтерді. Кандидаттар қойылғансұрақтарға жауап беріп, жұмысшылардыңұсыныстарын тыңдады. Сондай-ақ айтылғанмәселелерді шешу жолдары мен олардысайлауалды бағдарлама аясында қарастырумүмкіндіктері жөнінде пікір алмасты.

«Әділет» партиясы сайлауалды науқанаясында еңбек ұжымдарымен кездесулердіжалғастырып, қаланың инфрақұрылымдықжәне әлеуметтік-экономикалық дамуынақатысты өзекті мәселелерді тұрғындарментікелей талқылауды жоспарлап отыр.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихатыдепутаттарының сайлауында партиялықтізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                   

                           

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61