Bugin
Алматыда «Әділет» партиясының сайлауалды науқаны аясында туризм және қонақжайлылық индустриясының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жиында қаланың туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: Ашық дереккөз
Кездесу Novotel Almaty City Center қонақүйінде өтті. Оған «Әділет» партиясы Алматы қалалық сайлауалды штабының жетекшісі, партиялық тізім бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Мейіржан Отыншиев және кандидаттар Кристина Бекмурзаева, Нұрболат Оразбаев, Тілектес Мейірманов пен Нұрғали Сыртанов қатысты.
Жиын барысында партияның қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытуға арналған сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Атап айтқанда, туристік инфрақұрылымды жақсарту, қызмет көрсету сапасын көтеру, кәсіпкерлікті қолдау және қалаға келетін туристер үшін қолайлы орта қалыптастыру бағыттары сөз болды.
Сонымен қатар қатысушылар туристік бағыттарды кеңейту, іскерлік және мәдени туризмді дамыту, туристік нысандардың көлік қолжетімділігін арттыру және салаға инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастырды.
Мейіржан Отыншиев Алматының туристік әлеуетін толық пайдалану үшін инфрақұрылымды жетілдіріп, қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, саланы дамытуда кәсіпкерлер мен мамандардың тәжірибесі және ұсыныстары ескерілуі керек.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында жалғасты. Туризм саласының өкілдері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, қаланың туристік инфрақұрылымын жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Кандидаттар қатысушылардың сауалдарына жауап берді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер кәсіби қауымдастықпен байланыс орнатып, саланың өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік береді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихатыдепутаттарының сайлауында партиялықтізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61