САЯСАТ
Қазақстан Президенті Король II Абдаллаға екі ел арасындағы достықты нығайтуға қосқан үлесі үшін жоғары награда табыстады. Сондай-ақ Иордания королі Қасым-Жомарт Тоқаевты «al-Hussain ibn Ali» орденімен марапаттады.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Иордания Королі II Абдалланы қарсы алу рәсімі өтті. Одан кейін Король Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізді. Президент сапарды екі елдің стратегиялық серіктестігі тереңдеп келе жатқанының белгісі деп атады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдаллаға Қазақстан мен Иордания арасындағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін «Al-Farabi» орденін табыстады. Бұл марапат Әл-Фарабидің құрметіне аталған. Иордания королі орденнің алғашқы иегері болды.
Иордания Королі II Абдалла сондай-ақ Қазақстан Президентіне Иордан Хашимит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – «al-Hussain ibn Ali» орденін берді. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты халықтар арасындағы достық пен өзара құрметтің белгісі деп бағалады.
«al-Hussain ibn Ali» орденін 1949 жылы Иордания Королі I Абдалла бен әл-Хусейн әкесі, Мекке шарифі Хусейн бен Әлидің (1853–1931) құрметіне тағайындаған.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61