САЯСАТ

Тоқаевтың Ресейге Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына қатысуды ұсынуы қарсылыққа ұшырады

Қазақстан президенті Ресейге Түркі мемлекеттері ұйымының жұмысына қатысуды ұсынған. Түркия мен Әзербайжандағы кей пікір иелері Мәскеудің ұйым ішіндегі ықпалынан қауіптенеді.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: BBC News Русская служба

Қасым-Жомарт Тоқаев 30 қазанда Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Ресей ұйым жұмысына қосылса, мүше елдерге пайда әкелетінін айтты. Ол ұсынысын Ресейдің түркі әлемімен тарихи байланысы және ел аумағында түркі халықтарының өмір сүруімен түсіндірді.

Кремль бұл бастаманы құптағанымен, Мәскеуге әзірге ресми шақыру түспеген. Түркия тарапы бақылаушы мәртебесіне үміткер елдерге қойылатын тіл талабын еске салды: түркі немесе туыстас тілдердің бірі сол елдің бүкіл аумағында мемлекеттік не ресми тіл болуы керек. Ал Әзербайжандағы бірқатар басылым Ресейдің ұйымға қатысуы оның дербестігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп санайды.

Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиеваның пікірінше, Астана ұйым ішіндегі Түркия ықпалын теңгеруді көздеуі мүмкін. Ал Газиз Абишев Ресейдің қатысуы ұйымның Мәскеу мен Бейжіңге қарсы бағытталмағанын көрсетуге көмектеседі деп есептейді. Ұйымның негізгі мүшелері — Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан; бақылаушы мәртебесі Венгрия, Түрікменстан және тек Түркия ғана мойындаған Солтүстік Кипр Түрік Республикасына берілген.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61