ҚОҒАМ
Қызылорда облысында криптовалютаны заңсыз саудалап, қылмыстық кірісті заңдастырған адамдар сотталды. Сот оларды екі және үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, сотталғандар Binance платформасындағы P2P арқылы, Астана халықаралық қаржы орталығының сауда алаңдарынан тыс және тиісті рұқсатсыз криптовалюта сатқан.
Олар 1 миллиард теңгеден астам цифрлық активті өткізіп, заңсыз айырбастан 178 миллион теңге табыс тапқан. Сотталғандардың бірі есірткі сатудан түскен ақшаны заңдастырумен айналысқан.
Ақшаны қабылдап, аудару үшін банк шоттарын берген дропперлер тартылған. Мұндай аударымдардың жалпы сомасы 600 миллион теңгеден асқан. Қаражат криптовалютаға айырбасталып, есірткі саудагерлерінің әмияндарына жіберілген. Анықталған аударымдардың көлемі 277 мың USDT болған.
Қылмыстық кіріске жүк көліктері мен тіркемелер сатып алынып, жақын туыстарының атына рәсімделген. Кейін көліктер коммерциялық мақсатта пайдаланылып, заңды тұлғаларға жалға берілген.
Сот үкімімен арнайы техниканың төрт бірлігі және 1 миллиард теңгеден астам қылмыстық кіріс мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61