ӘЛЕМ

Рассел Брэнд зорлау және тиісу ісі бойынша кінәлі деп танылды

Лондон соты британдық актерді жанкүйерін зорлағаны және тағы үш әйелге жыныстық сипатта тиісқаны үшін кінәлі деп тапты. Жаза мерзімі әлі жарияланған жоқ, Брэнд сот залында қамауға алынды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: NUR.KZ

51 жастағы актер Рассел Брэнд жанкүйерін зорлау және радио мен теледидарда жұмыс істеген үш әйелге жыныстық сипаттағы тиісу бойынша кінәлі деп танылды. Зорлау Лондондағы актердің таунхаусында болғаны айтылды.

Сот жазаның мерзімін әлі жариялаған жоқ. Судья Брэндке ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін екенін айтып, оны қамауға алуға қаулы етті. Актердің қорғаушысы, корольдік адвокат Иэн Винтер соттан Брэндті демалыс күндері кепілмен босатуды сұраған. Оның айтуынша, актер балаларына барып қоштасқысы келген. Судья өтінішті қанағаттандырмады.

Брэнд өзіне тағылған айыптарды мойындамаған. Ол кейбір оқиғаларды есіне түсіре алмайтынын және жыныстық қатынас екі жақтың келісімімен болғанын айтқан.

Актерге қатысты зорлаудың тағы екі дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Лондон прокуратурасы материалдарды Корольдік прокуратура қызметіне тапсырды. Айыптар 1999 жылдан басталатын 10 жылдық кезеңді қамтиды. Лондон полициясы Брэндке қатысты тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61