ДАМУ
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мұнай өнімдерін елден әкетуге уақытша тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды. Шектеудің бір бөлігі Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де қатысты.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
2026 жылғы 22 қарашадан 2027 жылғы 22 мамырға дейін бензинді, дизель отынын және өзге де мұнай өнімдерін автомобиль және теміржол көлігімен Қазақстаннан әкетуге болмайды. Тыйым Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге жеткізуге де қолданылады.
2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерге жеңіл дистилляттарды, авиациялық керосинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға да шектеу енгізіледі.
Бензин мен дизель отынын көліктің зауыттық жанармай багымен алып өтуге, сондай-ақ қоспаларды іріктеу және өзге сынақтар жүргізетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған авиаотынды әкетуге рұқсат сақталады. Үкімет шешімімен гуманитарлық көмек аясында мұнай өнімдерін экспорттауға да болады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61