Bugin
Astana Hub халықаралық IT-технопаркі 2025 жылдың қорытындысын шығарды. Технопарк қатысушыларының жиынтық табысы 1,7 млрд доллардан асты, ал IT-қызметтер экспорты алғаш рет 600 млн доллар межесінен өтті.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Дереккөз: Digital Business
Экспорт 111 елге жетті
Digital Business басылымының мәліметінше, 2025 жылы Astana Hub резиденттерінің IT-қызметтер экспорты 633,8 млн доллар болды. Қазақстандық компаниялар өз қызметтерін 111 елге көрсетті, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 25 елге көп. Негізгі нарықтар қатарында АҚШ, Ұлыбритания, Ирландия, БАӘ, Сингапур, Өзбекстан және Швейцария бар. Экспортқа бағытталған компаниялардың саны 537-ге жетті.
Қатысушылар саны 2 мыңнан асты
Бір жылда технопаркке 700-ге жуық жаңа компания қосылды. Қазір қатысушылардың жалпы саны 2 мыңнан асады, оның 490-нан астамы шетелдік қатысуы бар компаниялар. Сонымен бірге технопарк талаптарды қатаңдатып отыр: соңғы екі жылда шарттарға сай келмеген 150-ден астам компания қатысушылар қатарынан шығарылды. Экожүйеде 32 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Алғашқы юникорн және акселерация бағдарламалары
Өткен жылдың басты оқиғаларының бірі экожүйеде алғашқы қазақстандық юникорн Higgsfield AI-дың пайда болуы болды. Астана Хабтың бағдарламалары да нәтиже көрсетті: Google for Startups-пен бірлесіп өткізілетін Silkway Accelerator-дың 2025 жылғы түлектері 550 мың доллар инвестиция тартып, 1,4 млн долларлық алдын ала келісімге қол жеткізді. AI’preneurs бағдарламасы іске қосылғаннан бері 950 өтінім жинады.
Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиевтің айтуынша, Қазақстанның IT-секторы қазір жетілген өсу кезеңінде тұр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61