Bugin

Astana Hub IT-компаниялардың қоғамға қосқан үлесін қалай есептейді: Social Impact жүйесі туралы

Astana Hub қатысушылары тек салықтық жеңілдікке ие болып қана қоймай, IT-экожүйені дамытуға үлес қосуы тиіс. Бұл үлес Social Impact деп аталатын жүйе арқылы есептеледі.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дереккөздер: astanahub.com

Жүйе қалай жұмыс істейді

Astana Hub-тың әр қатысушысында жеке кабинет пен жылдық жоспар бар. Жоспардың көлемі компанияның қызметкерлер санына байланысты. Компаниялар XS-тен XL-ге дейінгі "лигаларға" бөлінеді: штаты неғұрлым үлкен болса, мақсат та соғұрлым жоғары болады. Компания тізімнен өзіне ыңғайлы белсенділіктерді таңдап, орындағанын жүйе арқылы растайды. Әр расталған белсенділік үшін Social Tokens (ST) беріледі.

Қандай белсенділіктер есептеледі

Тізімде студенттерге тағылымдама ұйымдастыру, IT-іс-шаралар өткізу, конференцияларда спикер болу, стартаптарға кеңес беру, технологиялық тапсырмалар жариялау, Astana Hub порталында тәжірибемен бөлісу және әлеуметтік жобаларға қатысу сияқты бағыттар бар. Astana Hub мониторинг кеңсесінің директоры Марья Жүнісованың айтуынша, жүйе әр компанияға өз мықты жағына сай үлес түрін таңдауға мүмкіндік береді: біреулері білім беруде күшті болса, енді біреулері менторлықта немесе стартаптарды дамытуда тәжірибелі.

Жоспар орындалмаса не болады

Нәтиже күнтізбелік жыл қорытындысы бойынша бағаланады. Жоспардан артық жиналған ST келесі жылға ауысады. Digital Business басылымының мәліметінше, ST жетіспеуі міндеттеменің орындалмауы ретінде тіркеледі, бірақ бұл қатысушы мәртебесінен автоматты түрде айырылу дегенді білдірмейді. Дегенмен міндеттемелерді жүйелі түрде орындамау компанияның одан әрі қатысуын қайта қарауға негіз болуы мүмкін. https://astanahub.com/

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61