Bugin

Astana Hub қатысушысы Daryn.online: 38 мыңнан астам оқушы ҰБТ-ға дайындықтан өтті

Қазақстандық EdTech-платформа Daryn.online 2020 жылдан бері Astana Hub халықаралық технопаркінің қатысушысы. Платформа жұмыс істеген уақыт ішінде 38 789 оқушы ҰБТ-ға дайындықтан өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дереккөздер: Daryn.online 

Мектеп оқушыларына арналған онлайн дайындық

Daryn.online 6 мен 18 жас аралығындағы оқушыларға арналған. Платформада жоғары сынып оқушылары ҰБТ-ға, ал 5-6 сынып оқушылары Назарбаев Зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері және «Дарын» мектептеріне түсуге дайындалады. Компания мәліметінше, осы бағыт бойынша 400-ден астам оқушы аталған мектептерде оқуға грант жеңіп алған.

Он университетпен серіктестік

Daryn.online еліміздің он жоғары оқу орнымен меморандумға қол қойды. Олардың қатарында Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚБТУ, SDU University, М. Әуезов атындағы университет, ALT University, ҚазБСҚА, Energo University, QyzPU және Шәкәрім университеті бар. Серіктес университеттердің бір бөлігі Daryn түлектеріне ішкі грант бөледі.

Astana Hub бағдарламаларына қатысу

2025 жылы Daryn.online командасы Astana Hub пен Google for Startups бірлесіп өткізетін Silkway Accelerator бағдарламасынан өтті. Үш айлық бұл бағдарлама Орталық Азия, Моңғолия, Әзербайжан және Грузия стартаптарына масштабталуға көмектеседі.

Алдағы уақытта компания оқытуда жасанды интеллектіні белсендірек қолдануды және оқушылар аудиториясын кеңейтуді жоспарлап отыр.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61