Bugin

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары ұстаздармен білім беру саласын дамыту мәселелерін талқылады

Алматыдағы №174 мектеп-гимназиясында «Әділет» партиясының кандидаттары педагогикалық ұжыммен кездесті. Жиында білім сапасын арттыру, оқу үдерісін цифрландыру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелері сөз болды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар Нұрғали Сахов пен Ербол Жақсыбаев, Наурызбай аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Баймұрат Жамбылов, штаб мүшесі Алуа Жұмабекова және мектеп мұғалімдері қатысты.

Жиында партияның сайлауалды бағдарламасындағы білім беру саласына қатысты басым бағыттар таныстырылды. Атап айтқанда, мектеп инфрақұрылымын жақсарту, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, заманауи оқыту әдістерін енгізу және білім сапасын көтеру мәселелері қаралды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген міндеттер талқыланды. Қатысушылар цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізу, жасанды интеллектіні тиімді пайдалану және оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту жөнінде пікір алмасты.

Айта кетейік, биыл №174 мектеп-гимназиясында жасанды интеллект зертханасы ашылған. Бұл оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырып, жаңа технологияларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Кандидат Ербол Жақсыбаев білім сапасын арттыруда мұғалімдердің кәсіби әлеуетін қолдау мен заманауи технологияларды тиімді қолданудың маңызын атап өтті. Оның айтуынша, жасанды интеллект мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді.

Кездесу соңында педагогтер өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар қатысушыларға алдағы мәслихат сайлауы мен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпарат берілді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихатыдепутаттарының сайлауында партиялықтізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                   

                            

                                        

 

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61