Bugin

«Әділет» партиясы «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Алматыда «Әділет» партиясыныңсайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында«Қазақстан» республикалықтелерадиокорпорациясының Алматы қалалықфилиалының ұжымымен кездесу өтті. Жиындапартияның сайлауалды бағдарламасыныңнегізгі бағыттары таныстырылып, ақпаратсаласын дамыту, отандық медианың бәсекегеқабілеттілігін арттыру және цифрлықтехнологияларды енгізу мәселелеріталқыланды.

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөз

Кездесуге «Әділет» партиясы Алматы қалалық сайлауалды штабының жетекшісі, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы мәслихатының депутаттығынакандидат Мейіржан Отыншиев, Абай атындағыҚазақ ұлттық педагогикалық университетініңректоры, депутаттыққа кандидат Болат Тілеп, «Қазақстан» республикалықтелерадиокорпорациясы Алматы қалалықфилиалының директоры, депутаттыққакандидат Ерқанат Көпжасарұлы, «IntegraConstruction KZ» ЖШС бас директоры, депутаттыққа кандидат Батырбек Әшірбаев, тележүргізуші, Қазақстан Халық Кеңесініңмүшесі, депутаттыққа кандидат Ольга Спирина, сондай-ақ телерадиокорпорация қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында партияның сайлауалдыбағдарламасында қамтылған әлеуметтік-экономикалық даму, цифрландыру жәнеақпараттық кеңістікті жетілдіру бағыттарынаназар аударылды. Атап айтқанда, медиа саласындағы заманауи технологиялардыңмүмкіндіктері, журналистердің кәсіби дамуы, отандық контенттің сапасын арттыру жәнеақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етумәселелері қарастырылды.

«Бүгінде ақпарат саласы қоғамныңдамуына тікелей ықпал ететін маңыздыбағыттардың бірі. Цифрлықтехнологиялардың қарқынды дамуы отандықмедиаға жаңа мүмкіндіктер ашып, ақпараттың сапасы мен қолжетімділігінеқойылатын талаптарды күшейтуде. Осы орайда журналистердің кәсіби әлеуетінарттыру, заманауи технологияларды тиімдіпайдалану және отандық контентті дамытумәселелеріне ерекше назар аудару қажет. Бізүшін медиа саласы өкілдерінің ұсыныстарынтыңдап, олардың тәжірибесін ескерумаңызды. Өйткені саланың өзектімәселелерін ашық талқылау нақты әрінәтижелі шешімдер қабылдауға негізболады», - деді «Әділет» партиясы Алматы қалалық сайлауалды штабының жетекшісі,Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Алматы қаласы мәслихатының депутаттығынакандидат Мейіржан Отыншиев.

Ашық диалог барысындателерадиокорпорация қызметкерлері ақпаратсаласының даму перспективалары, цифрлықмедианың мүмкіндіктері және кәсіби ортадағыөзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Кандидаттар қатысушылардың сұрақтарынажауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Сонымен қатар алдағы мәслихат сайлауы мен партияның сайлауалды бағдарламасыныңбасым бағыттары туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысында ақпаратсаласының өкілдерімен тұрақты байланысорнатудың және кәсіби қауымдастықтыңұсыныстарын ескерудің маңыздылығы атапөтілді. Мұндай кездесулер медиа саласындағыөзекті мәселелерді талқылауға және оны оданәрі дамытуға бағытталған бастамалардықарастыруға мүмкіндік береді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров
Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61