СПОРТ

Әсем Орынбай Лос-Анджелес Олимпиадасына жолдама алды

Қазақстандық спортшы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында стенд атудың скит жаттығуынан бесінші орын алып, 2028 жылғы Олимпиадаға қатысу құқығына ие болды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com
Фото: Egemen Qazaqstan

ISSF әлем чемпионаты 2026 жылғы 1–14 қараша аралығында Катардың Доха қаласында өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы скит сайысының шешуші кезеңінде Әсем Орынбай бесінші нәтиже көрсетті.

Чемпионатқа 90 елден 1000-нан астам спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасы стенд атудан 12, нысана көздеуден 18 спортшымен сынға түсіп жатыр. 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61