ҚОҒАМ
Атыраудағы мектепте 13 жастағы қызға пышақ жарақатын салған тоғызыншы сынып оқушысына 15 жыл жаза тағайындалды. Сотта оның шабуылға бірнеше күн дайындалғаны айтылды.
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Сотта жасөспірімнің басқа елдерде болған осындай оқиғаларды зерттегені анықталды. Судья Зарема Хамидуллинаның сөзінше, ол физика дәптеріне отбасын өлтіруге әрекеттеніп, ойындағысын жүзеге асыра алмағаны туралы жазба қалдырған.
Бұған дейін жасөспірімнің мектептегі буллингке шағымданғаны айтылған, алайда бұл дерек расталмаған. Сотта шабуыл жасаған оқушы мен зардап шеккен қыздың таныс болмағаны және арасында жанжал тумағаны да атап өтілді. Жасөспірімге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін еді, бірақ жасы ескеріліп, 15 жылға сотталды.
Оқиға наурызда болған. 16 жастағы тоғызыншы сынып оқушысы соңғы сабақтан шығып, үйінен екі пышақ, қайшы, тістеуік және өзге де өткір заттарды алып мектепке оралған. Күзетшіге көзілдірігін ұмытып кеткенін айтып, ғимаратқа кіргеннен кейін қызға шабуыл жасаған.
Қыздың арқасы мен мойнына пышақпен алты рет соққы тиген. Ол жансақтау бөліміне түсті, дәрігерлер өмірін сақтап қалды. Жасөспірімді ұстап, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61